Нұр-Сұлтан қаласында туын көтерген Құрлық бәсекесінде атыраулық ару жүлде салды.
Бұл туралы ATPress.kz облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
"48 келіге дейінгі салмақта атыраулық Абиба Әбужақынова бірінші жекпе-жекте ол Чен-Хао Линнен (Тайпей) басым түсті. Ал жартылай финалда Наранцецег Ганбаатарды (Моңғолия) ұтты. Шешуші жекпе-жекте оған Жапониядан келген Вакана қарсы тұрды. Қарсыластар белсенділік пен күрестің жоғары жылдамдығымен ерекшеленді. Алтын медальдың тағдырын Кога жасаған бір тиімді әдіс шешті. Абужақынова турнирді "күміспен"аяқтады" делінген хабарламада.
Айта кету керек, Абиба 2021 жылы Қырғызстан елінде өткен Азия чемпионатында да күміс жүлдегер атанған болатын.