Өзбекстанның Самарқанд қаласында армрестлингтен жастар, ересектер және ардагерлер арасында Азия чемпионаты өтті.
Бұл туралы ATPress.kz облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Сайысқа 14 мемлекеттен 500-ге жуық спортшы қатысты.
Атыраулық ардагерлер құрлық додасында жоғары нәтижеге қол жеткізді. 80 келі салмақта Қанатова Алмагүл және +80 келіде Молдашева Рахия жарыс жеңімпазы атанды. 70 келіде Тарабрин Константин күміс жүлдеге ие болды» делінген хабарламада.