Атыраулық аналарға 250 мың теңге беріліп жатыр ма?

«ІСКЕР АНА» жобасының үшінші кезеңі қорытындыланды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау қалалық әкімдігінің қолдауымен "Инфо орталық" қоғамдық бірлестігімен ұйымдастыруымен «Іскер ана» жобасының үшінші кезеңі қорытындыланды.
Аталған жобаның алғашқы кезеңінде аналар тренингтерден өтсе, екінші кезеңде тегін түрде аспаз, тігінші, шаштараз, сән салоны шеберлері - бет әрлеуші(визажист), маникюр, есепші, массаж оқу курсынан өтті.

 Ал, үшінші кезеңде оқу курстарын сәтті аяқтаған қатысушыларға өз ісін бастауға бастапқы қажетті тауарлармен қамту үшін 10 қатысушыға 250 000 теңгеден грант берілді.

 1 қазанда басталған жобаға 350 ана оқуға қатысқан болатын. Оның 113-і грантқа тапсырып, өз жобасын қорғады. Айта кетейік, жоба мақсаты өңірдегі көп балалы, жалғызбасты, мүгедек бала өсіріп отырған, әлеуметтік аз қамтылған топқа жататын аналарды жаңа кәсіпке оқытып, өз ісін ашуға бағыттау.