Атырау қаласындағы xимия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Әлия Диндербай 22 мемлекет арасындағы сайыста жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ATPress.kz.
Бұл туралы «Білімді ел» басылымында жарияланды.
Әлия өз тың жобасы арқылы Қазақстан бойынша startups сайысында бірінші орынды иеленіп, халықаралық 22 мемлекет арасындағы сайыста БҰҰ алтын медалін қанжығаға байлады.
«Әлияның әлеуметтік жобасы қоғамға расымен де пайдалы. Дамуы баяу балаларға арналған сенсомоторика және ұсақ моторика тақтасын ойлап тапты. Аталмыш байқаудың Қазақстандағы кезеңі оффлайн, ал xалықаралық кезеңі онлайн түрде өткен болатын.
Міне, енді қазақ балаларының әлеуметтік жобалары да күллі әлем назарына ілікті. Бұл – көңіл қуантарлық жайт! Қанжығамыз майлана берсін деп тілек етеміз» делінген басылымда.