Маса улау жұмыстары қалай жүріп жатқанын әкімдік өкілдері баяндап берді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Өңірде маса улау жұмыстары сәуір айында басталды. Конкурс нәтижесі бойынша қала аумағында аталған жұмысты «AG Disinfection» мердігер мекемесі атқаруда. Жалпы, маса улау үшін 23 маман және 45 техника жұмылдырылған. Мекеме қызметін қалалық әкімдік бақылауда ұстайтын болады. Компания өкілдерінің айтуынша, кестеге сәйкес, қаладағы тұрғын үй аулалары мен жертөлелері, жасыл желектер,саябақтарға дәрілеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, ағымдағы жылға дейін бір мекеме қала мен қала маңындағы елідемекен аумағын толығымен қамтыса, биылғы жылдан бастап әр ауылдық округ маса улау жұмыстарымен өздері тікелей айналысуда. Биылғы жылы конкурс қорытындысына сәйкес ауылдық округтердегі жұмыстарды «FARZA Сorp» ЖШС атқаруда. Арнайы мекеме әр ауылдық округте кестеге сәйкес жұмыс жүргізіп, тұрғындар өтініштеріне орай улау жұмыстарын жүргізуде. Өтінімдер 109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қабылданады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ