«Smart Atyrau» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұсынған статистикаға сәйкес, тұрғындардың 90% картаны, ал 10% қолма-қол ақшаны пайдаланады, деп хабарлады AtyrauPress Автобус Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Автобус карталарына sms және QR кодтары балама саналады.
Соңғы 3 айда күнделікті 227 мыңнан астам адам автобус картасын қолданған. Былтырға қарағанда биыл қолданушылар саны 10 пайызға артып отыр.
Өңірде жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі 2018 жылы қала автобустарында енгізілген болатын. Аталған картаны Атырау, Семей, Ақсу, Орал, Ақтөбе қаласында қолдануға болады.
Айта кетейік,«Smart Qala» картасын М. Төлебаев, 44/1 мекенжайы бойынша жасата аласыз.
Мира НҰРТАЕВА