Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
21 тамыз күні сағат 22:40 шамасында Атырау қаласы, Бейбарыс даңғылы мен Тоқатов көшесінің қиылысында орналасқан реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп келе жатқан 2010 жылы туған жасөспірімді маркасы Chevrolet Nexia автокөлігі қағып құлатып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Жүргізуші 2004 жылы туған азаматқа қатысты тиісті іс-құжаттар жинақталуда. Жасөспірім жедел жәрдем көлігімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ