Атыраулық жасөспірім көпірден секірмек болды (+ВИДЕО)
Атырауда полицейлер көпірден секірмек болған жасөспірімді құтқарды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
9 желтоқсан күні Жедел басқару орталығы арқылы Атырау қаласындағы Бергалиев көпірінде белгісіз адамның секіргелі тұрғаны туралы ақпарат алынған. Облыстық ПД-нен білгеніміздей, оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полиция қызметкерлері көпір үстінде 17 жастағы жасөспірімнің секіруге әрекет жасап жатқанын байқап, оған жақындап, сөйлесе бастаған. Жасөспірім қауіпсіз жерге шығарылып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы жасөспірімнің бұл әрекетке баруының себептерін жан-жақты тексеріп, тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ