Атыраулық жас грэпплингшілер әлем чемпионатына жолдама алды

Павлодар қаласындағы «Автомобилист» спорт кешенінде 21-22 сәуір аралығында грэпплинг және грэпплинг гидан жастар арасында ҚР чемпионаты өтті, деп хабарлайды AtyrauPress.

Байрақты бәсекеге 16 облыс, 3 қаладан 400-ге жуық грэпплинг күрес палуандары қатысты. Екі күн бойы өзара мықтылар анықталды. Бұл додадан облыс спортшылары 5 медаль иеленіп, үздік өнер көрсетті. 

Нәтижесінде Фархат Ниетов, Рахымжан Тұрғанбек алтыннан алқа тақса, Қаршыға Абдрахим, Ернар Білімпазұлы, Орынхан Каримов, Нұрдаулет Бауыржанұлы қола жүлдені иеленді. Үздік атанған облыс спортшылары Польша мемлекеті Варшава қаласында өтетін әлем біріншілігіне жолдама алды.