14 маусым күні сағат 13:24 шамасында З.Қабдолов көшесі бойында "Кибер-Шериф" құрылғысымен айыппұлы бар маркасы BMW автокөлігі анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Тексеру кезінде, автокөліктің төленбеген 1 млн теңге көлемінде 33 айыппұлы бар екені белгілі болды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚбтК-нің 230-бабы 2-бөлігі және 590-бабы 2-бөлігі бойынша хаттамасы толтырылды.
Осы ретте, атыраулық полицейлер жол ережесін қатаң сақтап, айыппұлдарды мерзімінен кешіктірмей өтеу керектігін ескертеді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ