Төленбеген 350 мың теңгеден астам айыппұлы бар шетелдік автокөлік арнаулы тұраққа қойылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
12 ақпан күні сағат 14:00 шамасында Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері "Қорғау-қауіпті жүргізуші" бағдарламасы арқылы Армения елінде тіркелген маркасы Toyota Ipsum автокөлігін анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген. Полицейлер автокөлікті Л.Владимирский көшесі бойында тоқтатты. Тексеру кезінде автокөліктің 350 мың теңгеден астам 12 айыппұлы бар екені анықталды. Автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.
Осы ретте,атыраулық полицейлер жол ережесін қатаң сақтап, айыппұлдарды мерзімінен кешіктірмей өтеу керектігін ескертеді.