Атыраулық жасөспірімді бесеуі жабылып ұрған (+ВИДЕО)
Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде жасөспірімдер арасында орын алған құқықбұзушылық дерегін анықтап, тіркеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бейнежазбаны зерделеу барысында 2007 жылы туған жасөспірімді бес өзімен қатар таныстары қараша айында соққыға жыққаны анықталды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 2006, 2007, 2008 жылы туған жасөспірімдер басқармаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабымен қылмыстық іс тіркеліп, жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: ru.freepik.com