Атыраулық жүргізушіге 1 млн теңге айыппұл салынды

Атырауда төленбеген 1 млн теңгеге жуық 5 айыппұлы бар автокөлік арнайы тұраққа қойылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
31 мамыр күні Атырау қаласы полиция басқармасының Жедел басқару орталығының қызметкерлері көп мөлшерде төленбеген 1 млнға жуық теңгені құрайтын 5 айыппұлы бар Lada Kalina автокөлігін анықтап, патрульдік полиция қызметкеріне бағыттама берген. Бағыттама бойынша аталған автокөлікті патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатып, тексеру кезінде 1984 ж.т. азаматтың борышкер екені, сонымен қатар сот шешіміне сәйкес, 2021 жылдың 24 тамызынан көлік құралын басқаруына шектеу қойылғаны анықталды.
Аталған факті бойынша 39 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабының 2 бөлігіне (Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (жүргiзіп-үйренуден басқа) басқаруы, сол сияқты тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы)сәйкес, хаттама жасақталып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ