Атыраулық туристер Америка тауларында адасып кеткен

АҚШ-тағы Сан Антонио тауында қазақстандық алты турист теңіз деңгейінен 3 мың метр биіктікте қалып қойды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы «Atyrau online» парақшасы жазады. Жас жігіттер аталған тауда жолдарынан адасып кеткенге ұқсайды. Күтпеген қиындыққа тап болған олар «112» нөмірі бойынша құтқарушыларды шақырған. Өз кезегінде Лос-Анджелес әуе құтқару қызметі тікұшақ жіберген. Құтқарушылар келгенше қазақстандықтар қолда бар заттарын жағып, жылынған, әрі белгі берген. Соның арқасында құтқарушылар оларды тез тауып алған.

«Біз адасып қалдық. Әрі, қатты жел соқты. Сондықтан сапарымызды жалғастыра алмадық. Құтқарушыларды шақыруға тура келді. Біз «112» құтқару қызметіне жоғары кәсіби деңгейде көрсеткен көмектері үшін ризашылығымызды білдіреміз. Солардың арқасында қауіпсіз жерге келдік» дейді Еламан Химеден.

Ешқайсысының денсаулығына зақым келмегендіктен, медициналық көмек керек болмапты.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Негізгі фото: ru.freepik.com