06 Маусым, 2023 230

Атыраулық тұрғын балық ауламақ болып, суға батып кетті


 

Мақат ауданындағы Мұнайайдаушылар ауылының тұрғыны  Ақкөл көлінде балық аулау кезінде суға батып кетті, деп хабарлайды AtyrauPress.

 

2-маусымда Мақат тұрғыны ауылдан 50 шақырым жерде орналасқан Ақкөлге балық аулауға шығып кетіп, қайта оралмаған. Келесі күні оның жоғалғаны туралы  аудандық №8 Өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне хабар түскен. 

“Куәгерлердің айтуы бойынша ол азамат ауды қарауға кетіп қайта оралмаған. Қайық аударылған күйінде табылған. Іздестіру жұмыстары нәтижесінде 4 маусым күні, сағат 13:30 минутта ер азаматтың мәйіті судан табылып, ағайындарына тапсырылды”, - деді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары.

Айта кетейік, оқиға орнына төтенше жағдайлар бөлімінің 3 қызметкері мен 1 бірлік техникасы, Атырау қаласы Жедел құтқару жасағының 3 қызметкері және 1 техникасы жұмылдырылған.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

Тегтер: # Атырау # балықшы