Атыраулықтарға несие рәсімдемекші болған алаяқ ұсталды

Атыраулық полицейлер несие рәсімдеп беремін деп 6 300 000 мың теңгені иемденген шетелдікті ұстады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

22-23 маусым  аралығында 1988 жылы туған Тәжікстан Республикасының азаматы Алматы қаласына болған кезде, 1993 жылы туған Құрманғазы ауданының тұрғынына қоңырау шалып, өзін Ұлттық Банк қызметкері ретінде таныстырып, алаяқтық жолмен жалпы 6 300 000 теңге ақша қаражатын иемденіп алған.

Тергеу барысында күдіктіге «Беркут» арнайы жүйесінде Қазақстан Республикасының шекарасынан шығып, кіруге шектеулер қойылып, нәтижесінде полиция қызметкерлерімен Шымкент қаласының әуежайында ұсталған.

Қазір күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Аталған дерек бойынша ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінге тергеп-тексеруде. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ