Атырау облысындағы Атырау-Доссор тасжолында үш көлік соқтығысып, жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Жол апатынан өзбекстандық азамат оқиға орнында қаза тапқан.
"15 маусым күні сағат 06:30 шамасында Атырау-Доссор тасжолының 494-разъезд тұсында КамАЗ, ПАЗ-32053 және Daewoo Nexia көліктерінің қатысуымен жол апаты орын алды. Салдарынан Өзбекстан елінде тіркеуде тұрған Daewoo Nexia автокөлігінің 1973 жылы туған жолаушысы, өзбекстандық азамат оқиға орнында қаза тапты" делінген хабарламада.
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ