Бүгін Атырауда облыстық Экология департаментінің бастамасымен және республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті. Іс-шараға шамамен 70-ке жуық белсенді тұрғын қатысып, «Атырау» шағынауданы маңындағы өзен жағалауынан шамамен екі тоннаға жуық қоқыс жиналды.
— Біз балықшылар мен демалушыларды табиғатты аялауға, өзінен кейін қоқыс қалдырмауға шақырамыз. Қоршаған ортаны қорғау — әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Осындай акциялар арқылы туған жердің тазалығы өзімізге байланысты екенін еске саламыз, — деді облыстық Экология департаментінің басшысы Асқар Жүсіпов.
Биылдың өзінде облыс бойынша өткен экологиялық акцияларға 8 мыңға жуық адам қатысып, нәтижесінде 20 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Қазан айында ағаш отырғызу және жасыл аймақтарды абаттандыру акциясын өткізу жоспарланып отыр.
Фото: Ануар Әбілғазиев