Атыраулықтар өз үйлерін танымай жатыр

Атырау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері жөнделуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Алмагүл шағынауданда тұрғындар өз үйлерін өздері танымай қалып жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, бұл жұмыстар төрт айға жоспарланған.

«Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бақтияр Хамидоллаев "100 аула" жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жоспарға сай жүргізіліп жатқанын жеткізді.

– Биы шілдеден бастап аталған аумақтағы 16 үйді сырлау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл жұмыс шілде айында басталды. Оған үш мердігер мекеме – «Ер-Нұр строй и К», «Сенім» ЖШС, «РимСтройСервис» ЖШС жұмылдырылды. Сонымен қатар, И.Тайманов көшесіндегі №58 және Б.Құлманов көшесіндегі №107 үйлердің қасбеттері жөнделуде. Бұл жұмыстар қазан айына дейін жалғасады деп күтілуде,- деді ол.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Возможно, это изображение улица