Атырау облысы прокуратурасының бастамасымен «Заң мен тәртіп» жобасы аясында 23-28 маусым аралығында аймақ тұрғындарын қабылдайды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Негізгі мақсат – халықпен тікелей байланыс орнату, азаматтардың құқықтық сауатын арттыру және көкейлеріндегі түйткілді мәселелерге заң аясында жауап беру. Қабылдауға прокуратура органдарымен қатар құқық қорғау органдары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті, сондай-ақ Білім және Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері де қатысуда.
Тұрғындар өздерін мазалаған түрлі сауалмен — еңбек құқығы, жер дауы, әлеуметтік көмек, кәсіпкерлікке қатысты кедергілер және басқа да мәселелер бойынша өтініш білдіруде. Әр арыз бен шағым жеке қаралады.
Облыс прокуратурасының мәліметінше, бұл қабылдау тұрғындарға барынша ашық әрі қолжетімді құқықтық алаң құруға бағытталған. Азаматтардың құқықтарын қорғау және заң үстемдігін қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі.
Айта кетейік, іс-шара аудандарда жалғасын таппақ.