Атыраулық тәртіп сақшысы қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионы атанды

Тәртіп сақшысы Аида Хайруллина қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионы атанды.

Атырауда полициядағы қызметімен бірге спортты қатар алып жүрген Аида Хайруллина қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионы атанды. Әлемдік деңгейде ұйымдастырылған бұл жарысқа 13 елден 250 спортшы қатысып, бақ сынасты. Олардың қатарында ел намысын қорғаған полиция лейтенанты Аида Хайруллина  әйелдер арасында 70 келі салмақ дәрежесінде суырылып алға шығып, 1 орынды қанжығасына байлады.