Атыраулық тұрғын өз-өзін өртеп жіберді (+ВИДЕО)

Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"13 қаңтар күні сағат 16:45 шамасында Мақат аудандық полиция бөлімінің "102" арнасына Доссор кенті Б.Аймағамбетов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінің жанында 1961 жылғы аудан тұрғыны өзін-өзі өртеп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған хабарлама бойынша оның 70 пайыз денесін күйік шалғаны анықталып, облыстық ауруханаға жеткізілді” делінген хабарламада.

Орын алған оқиғның нақты себебі мен мән-жайы нақты белгісіз. Бейресми мәлімет бойынша бұған отбасылық келіспеушіліктер себеп болуы мүмкін.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ