Атыраулық тұрғын тыйым салынған діни материал таратқан...

Тыйым салынған діни материалдарды таратқан тұрғын ұсталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау және Ақтөбе облыстарының Экстремизмге қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында әлеуметтік желілер арқылы діни алауыздыққа шақыратын, тыйым салынған діни материалдарды таратумен айналысқан 18 жастағы Атырау облысының тұрғынын ұстады. Күдіктінің уақытша мекен-жайын тінту

жүргізу кезінде түрлі діни кітаптар, діни мәтіні бар брошюра, т.б. заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

Өзге ақпарат ҚПК-тің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.