Атыраулық тұрғын таңқалдырар рекорд орнатты! (+ВИДЕО)

Атыраулық палуан 94 тонналық вагонды сүйреп, рекорд орнатты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Құрманғазы ауданының тұрғыны Ерсейіт Бралин 94 тонналық вагонды сүйреп, Қазақстанның батысы бойынша рекорд орнатты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті. Осыған дейін ол, пауэрлифтингтен әлем чемипионы, Азияның қола жүлдегері, сонымен қатар Батыс Қазақстан бойынша «Толағай алыптар» сайысының чемпионы атанған. Қазіргі уақытта пауэрлифтинг пен грэпплингтен спорт шебері.

- Осылай ауыр салмақта жүк көтеруге қызығушылығым бұрыннан бар. Болашақта осы салада шәкірт тәрбиелеп, чемпиондарды шығарғым келеді. Қазірде Атыраудағы «Санатория» фитнес орталығында жаттығып, жарысқа шығамын. Жаттықтырушым Александр Литвиновқа алғысым шексіз, - деді Е.Бралин.

Ерсейіт Бралин алдағы уақытта Қазақстан рекордын жаңартып 120 тонналық 5 вагонды сүйреуді мақсат етіп отыр.

Сәуле МАҒАУ