Әлеуметтік желіде ер адам мен полиция қызметкері арасындағы жанжалдың видеосы тарады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Кадрларда екінші адамның тәртіп сақшысына көмектесуге тырысқаны көрінеді. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде болған жайтқа түсініктеме берді, деп хабарлайды atyraupress тілшісі. Полицияның мәліметінше, оқиға 13 ақпанда сағат 17:57 шамасында Қ.Сәтбаев көшесінде болған. Патрульдік полиция қызметкері апаттық дабылдың қосулы тұрған Toyota Prado көлігін мен дауласып тұрған екі адамды байқаған. Белгілі болғандай, 26 жастағы жаяу жүргінші мас күйде болған. Ол жол қозғалысына кедергі келтіріп, Toyota Prado жүргізушісін қорлаған. Ол тіпті полиция қызметкеріне де қарсылық білдірген.
"Аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 667-бабының 1-бөлігі, 434-бабының 2-бөлігі, 440-бабының 1-бөлігі, 615-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды және ол сотқа дейін Атырау қаласының полиция басқармасына жеткізіліп, әкімшілік қамауға алынды" дейді департамент өкілдері.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ