Атыраулық тәрбиешіден туберкулез анықталды

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті. Науқастың диагнозы – екі өкпенің инфильтративті туберкулезі, ыдырау сатысы, «қайталанған» түрі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Науқас өкпе туберкулезімен 1992 жылы  сырқаттанып, емделген. 1992 жылы оң өкпенің жоғарғы бөлігінің резекция операциясы жасалған. Ем нәтижесі: Сауықты. 

Ақпан айынан бастап учаскелік дәрігер, пульмонолог, фтизиатр, эндокринолог, аллергологқа қаралып, емін алған.  

Қараша-желтоқсан айы аралығында өкпе қуысының жалпы шолу рентгенограммасын және  кеуде сарайының компьютерлі томограммасынан өтті.

Орталықтандырылған дәрігерлік-консультативтік комиссия шешімі «Екі  өкпенің  инфильтративті  туберкулезі, ыдырау сатысы. «Қайталанған»түрі»диагнозымен қазіргі таңда емін алуда.

Сондай-ақ, қазіргі таңда:

1.Қарым қатынастағылар тексерілуде. Отбасында бала-келіні, немересі.

2. Жұмыс орны және көршілері бойынша тізім жасақталды.

3. Барлық қарым-қатынастағылар отбасы мүшелері, көршілері, жұмыс орнындағылар кеуде қуысының жалпы шолу рентгенограммасы мен флюорографиясы 6 айдан асқан болса қайта түсіріледі, барлығына диаскенттест жасалады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ