Бұл туралы AtyrauPress тілшісі облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
1-10 наурыз күндері Филиппин елінің Нью-Кларк қаласында су добынан 18 жасқа дейінгі жастар арасында ХІ Азия чемпионаты өтті.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапында атыраулық споршылар Егор Белоусов пен Али Даурен қола жүлдеге ие болды.
Айта кету керек, Егор Белоусов су добынан Қазақстан жастар құрамасының капитаны болып табылады.