Атыраулық студент халықаралық Түркі универсиадасында топ жарды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Бұл туралы облыстық спорт басқармасының ресми парақшасына жарияланды.
“3–9 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында өтіп жатқан III Түркі универсиадасында дзюдо сайыстары ұйымдастырылып, жерлесіміз жүлдегер атанды.
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті Данияр Құлушев 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, алтын медаль иеленді” делінген хабарламада.
Айта кетейік, универсиадада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің – Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан студент-спортшылары бақ сынайды. Дүбірлі дода волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресі секілді 7 спорт түрі бойынша өтіп жатыр.
