Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов экс-әйелінің айыптауларына жауап берді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Tengrinews.kz–ке сілтеме жасап.
Шенеунік өзіне жала жабылды деп санайды.
«Бұрынғы әйелімнің тарапынан маған тағылған айып БАҚ-та тарап кетті. Жеке өміріме қатысты пікір білдіру орынсыз деп санаймын. Ал бұрынғы әйеіме сана берсін деймін. Ол соңғы жайттарға байланысты түрлі видеоны қарап алып, менің жұрт алдында жүргенімді біліп, осындай мәлімдеме жасаған болуы керек. Ортақ балаларымыз - екі қызымыз менімен тұрады. Бұл қыздарымның және соттың шешімі. Ұрып-соғуға қатысты - қазір сот процесі жүріп жатыр, БАҚ өкілдерінен асығыс шешім қабылдамауды сұраймын» дейді аудан әкімі.
Еске сала кетейік, бұған дейін біз шенеуніктің бұрынғы жұбайы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты әлжеліде бейнежазба жариялағанын жазған болатынбыз.
Фото: gov.kz, instagram.com/umbetkaliyeva_notarius