Атыраулық үшемдер елді сүйсінтті!

Али, Ариф, Мұхаммад.  Үшемдер Мақат аудандық білім бөліміне қарасты Муса Баймұханов атындағы орта мектебінде оқиды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Биылғы оқу жылын үшеуі де үздік аяқтап, "Мақтау қағазымен" марапатталды. Облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатаровадан білгеніміздей, 2022 жылы мектеп табалдырығын аттаған бауырлар ерекше белсенділіктерімен көзге түскен. Сынып жетекшілері Нұргүл Тілекованың айтуынша балалар әсіресе  математика, қазақ тілі пәндерін қызыға оқитын көрінеді.  Оқу озаттары спортттың күрес түрімен айналасады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ