Атыраулық шаруа тың технология ойлап тапты

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылының тұрғыны Төлеген Бисенғалиев қысқы мал азығын дайындайтын техника ойлап тапты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жаңа құрылғы жиналған шөпті көлікке тез тиеп алуға өте ыңғайлы. 

«Мен айырмен шөп көтере алмай қалдым. Сол кезде осы техниканы ойлап таптым. Әзірге патент ала қойған жоқпын. Бірақ, шөпті өзі тиеп, өзі түсіретін мұндай құрылғының бұрын-соңды болмағанына бек сенімдімін. Төрта адамның жұмысын бір өзі атқарады. Осылайша, адам күші мен уақытты үнемдейді. Есесіне, қазір үлкен сұранысқа ие болып отыр» дейді өнертапқыш.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ