Атыраулық сарбаздар Қорғаныс министрінің Алғыс хатымен марапатталды

Су тасқыны кезінде көрсеткен ерен ерліктері мен еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі, әскери қызметте көрсеткен жоғары кәсіби шеберлігі үшін 8 сарбазға Алғыс хат берілді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау қаласынан Еламан Картмуллин, Сұңқар Қангерей, Кирилл Ан және

Максим Ан сондай-ақ, Мақат ауданынан Ақниет Сембай, Нұрдаулет Түгелбаев және Махамбет ауданынан Нұрмұхаммед Қапанов пен Наурызбек Шияпов марапатталды.

Іс-шараға жергілікті әскери басқару органдарының басшылары мен жеке құрамы, Қарулы Күштердің әскерлері мен олардың басшылары, сонымен қатар Ауған соғысы, Таулы Қарақ және Тәжік-Ауған қақтығысы ардагерлерін қоса алғанда 120 адам қатысты.

- Республика күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада ҚР Қорғаныс министрінің су тасқыны кезінде елге қызмет еткен әскери мерзімде болған сарбаздарымызды және олардың аналарын марапаттау рәсімі өтті. Онда сарбаздарға арнайы алғыс хаттар мен қолсағаттар табыс етілді. Ал олардың аналарына марапат пен гүл шоқтары ұсынылды, - деді тәрбие және идеологиялық жұмыстар тобының басшысы Ришат Шайхымов.

Бұдан бөлек, Ауған соғысы, Таулы Қарабақ және тәжік-ауған қақтығысы ардагерлеріне төсбелгі беріліп, жеке құрам қызметкерлері арнайы медаль мен Алғыс хаттарға ие болды.