Атыраулық самбошы Минсктегі Халықаралық турнирде жеңіске жетті

7-9 ақпан күндері Минск қаласында Беларуссия елі Президентінің жүлдесіне арналған самбо күресінен халықаралық турнир өтуде.


 Биыл жарысқа Беларусь, Армения, Болгария, Германия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Түркіменстаннан 200-ден астам спортшы қатысты. Жарыс барысында алғаш рет Қытайдан келген команда өнер көрсетіп отыр. Самбодан халықаралық турнир жеке және командалық сынақтарда өткізіледі.

Жарыстың алғашқы күні 58 келі салмақта сынға түскен атыраулық спортшы Айдынбай Қайырберді жеңімпаз атанды. 23 спортшы бақ сынаған бұл салмақ дәрежесінің ақтық сыңында Қайырберді жарыс қожайыны Бурдь Владиславтан басым түсті.