Атыраулық өрт сөндірушілер қоймадағы өнімнің өртенуіне жол бермеді

23 қараша күні 19 сағат 20 минутта қаланың Солтүстік өндірістік аймақтағы қойманың жанып кетуіне жол бермеді, деп хабарлайды AtyrauPress.

«Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімдері жеткен кезде, аталған  мекен жайында орналасқан азық-түлікті мұздатып сақтайтын жалпы ауданы 20х30м болатын қойманың 10х10м кеңсе бөлігінің ашық отпен жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндірушілердің жедел әрекет етуінің нәтижесінде жартылай дайындалған өнім салынған мұздатқыштардың өртенуіне жол бермеді», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Тілсіз жау 20 сағат 19 минутта оқшауланып, 20 сағат 47 минутта толық өшрілді.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, өрт сөндіруге Атырау облысы ТЖД  37 қызметкері мен 8 бірлік техника жұмылдырылды.

Эльмира Мықтыбаева