Қырғыз елінің астанасы Бішкек қаласында 25-27 қазан аралығында Әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы облыстық ТЖ департаментінің Қоғаммен байланыс тобы мәлім етті. Аталған чемпионатқа 10-нан астам мемлекеттерден 800-ден астам спортшы қатысты.
Халықаралық турнирде Атырау облысы Құрманғазы ауданы №7 Өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Ерсейт Бралин 100 кг салмақ дәрежесінде пауэрлифтинг спорт түрінен бақ сынап, Әлем чемпионы атанды.
Ерсейт – бірнеше спорт түрінен Қазақстан Республикасының спорт шебері.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ