Атыраулық полицейлер журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады

28 маусым – БАҚ қызметкерлерінің күні аясында Нұрхат Оразбаев бастаған облыстық полиция департаментінің ұжымы жергілікті журналистерді мерекемен құттықтап, Алғыс хат табыстады. Олардың ішінде әріптесіміз, "Atyrau Press" тілшісі Амандық Сағынтайұлы да бар.

ІІО имиджін арттыруға бағытталған ақпараттар легін тарату, полиция қызметкерлерінің имиджін көрсету, ең бастысы - қоғамның полицияға оң көзқарасын қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүргізу департаменттің баспасөз қызметінің жұмысы. Ақпараттық саясат бөлімінде 9 қызметкер жұмыс жасайды. Олардың әрқайсысына жүктелген міндет бар. Ресми сайт және әлеуметтік парақшаларды жүргізу, сөз сөйлеуші спикерлерді дайындау, портреттік, жалпылама, тақырыптық және шұғыл мақала, сюжет, жедел түсірілім ұйымдастырады, таратады. Департаментке қарасты 7 аудандық полиция бөліністерінде ресми парақшаға жауапты мамандар бар. Әлеуметтік желіде атырау полициясын 85 мыңға жуық оқырмандар оқиды. Баспасөз қызметі сыни жарияланымдарға жедел жауап беріп, интернет-ресурстарда мониторинг жүргізеді. Бөлім үнемі жарияланған полиция қызметкерлеріне қатысты оң контентті материалдарды ұйымдастырады. Мәселен, жыл басынан бері Ақпараттық саясат бөлімімен 16 мыңға жуық материал жарияланды.

Қызметкерлер  «На страже», «Сақшы», «Полиция.кз» секілді танымды, тағылымды басылым  беттерін тиімді туындылармен толтыру үшін еңбек етіп жүр. Бөлімнің ұйымдастыруымен брифингтер ресми парақшалар арқылы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ғимаратында жүзеге асырылып жүр. Caspian news телеарнасымен бірлесіп, «Телерейд» бағдарламасы апта сайын көгілдір экраннан көрерменге жол тартса, Атырау облыстық телеарнасында 3 жыл бойы «Телепатруль» бағдарламасы көрерменге ұсынылып, оң бағасын алды. Бөлім қызметкерлері 2021 жылдан бастап ПД ресми YouTube парақшасында «Сақшымен сырласу» бағдарламасын жүргізіп келеді. Әр шығарылымда құқық қорғау саласында жетістікке жеткен, жастарға айтары мол полиция қызметкерлерімен сұхбат жүргізіледі. Ақпараттық саясат бөлімі ПД қызметкерлерімен бірлесіп  Ішкі істер органдары қызметкерлері арасында «Парасатты полицей» республикалық конкурсына қатысып, 2022 жылы байқауда топты жарып 3 орынды иеленсе, 2023 жылы Көрермен көзайцымы номинациясын қанжығалады. Әкімдіктің қолдауымен 2019 жылы ерлікпен қаза тапқан полиция сержанты Шалқар Ақымғалиев туралы «Арманда кеткен асыл ер» атты деректі фильм түсіріліп, жарық көрді. Бөлім бастамасымен департаменттегі полиция қызметкерлерінің жұмысынан сыр шертетін фотокөрме ұйымдастырылды.