Күн күрт суытып, жолдардың тайғақ болуына байланысты атыраулық тәртіп сақшылары абай болуды ескертеді, деп хабарлайды AtyrauPress.
Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының командирі полция капитаны Әділбек Шахметов тасжолдарда жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында және өз өмірлеріңізге қауіп төндірмеу үшін алдын ала көлік құралдарын қысқы мезгілге дайындап, техникалық ақауларын жөндеу керектігін ескертті.
"Сонымен қатар, түрлі апаттардың алдын-алу үшін жол жүрісі ережесін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз", - деді Әділбек Шахметов.
Мира Нұртаева