Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде Атырау қаласы аумағында синтетикалық есірткіні жасырын тығумен айналысып жүрген Шығыс Қазақстан облысының 1990 ж.т. тұрғынын анықтаған.
Тергеу жұмыстары нәтижесінде 86,9 грамм “Альфа-PVP” және 207,91 грамм болатын мефедрон анықталып, медициналық сараптама қорытындысымен ірі көлемдегі синтетикалық есірткі екендігі белгілі болды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергер тексеру жүргізілуде, өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендіні заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.