Атыраулық полицейлер ерлігі елді сүйсінтті!

Атырауда полиция өрт шыққан үйдің терезесінен әйел адамды эвакуациялады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

5 қыркүйек күні Атырау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, тұрғындар 102 арнасына хабарлама берген. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Оқиға орнына дереу №5 Учаскелік полиция инспекторлары Руслан Ақтанов және Диас Абдрешов жетіп, өртеніп жатқан тұрғын үйде 56 жастағы әйел адамның қалып қойғанын біліп, ойланбастан терезе арқылы эвакуциялауға кіріскен. Өрттің түтітінен қозғалуы нашарлаған әйел адам жедел әрекеттің нәтижесінде құтқарылды. Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер жалынды уақытылы сөндірді.

Өрттен құтқарылған әйел адамның ұлы анасына көмекке келген полицейлерге алғысын жеткізді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ