Атыраулық полицейлер 1500 доза есірткі затын сақтаған күдіктіні анықтады

Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қала аумағында синтетикалық есірткіні сақтаған деген күдікпен Абай облысының 1998 жылы туған тұрғынын ұстады, деп хабарлайды AtyrauPress.

Медициналық сараптама қорытындысымен тәркіленген есірткі затының салмағы 487,75 грамм 1500 доза болатын «Мефедрон» синтетикалық есірткі екені анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚК-тің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.