Бүгінде қала тыныштығын күзеткен, жаны нәзік болғанымен, мойнына ауыр жүк арқалаған полицейлер қатарында Ботагөз Дюсенгалиева да бар. Жастығына қарамастан полиция аға лейтенанты шенін алған Ботагөз нәзік болмысын қайсар іске арнаған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау қаласы полиция басқармасы Жергілікті полиция қызмет бөлімі ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Ботагөз Дюсенгалиева Атырау қаласының тумасы. 1998 жылдың 1 қазанында дүниеге келген.
2020 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің заңгер мамандығын тәмамдап, алғашқы еңбек жолы 2021 жылы ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы лауазымынан бастау алған.
Ішкі істер органдарында жұмыс істеген 4 жылға жуық уақыт аралығында өзін байыпты, жауапты қызметкер ретінде көрсете білген Ботагөз - ҚР Ішкі істер министрлігінің «Сақшы аруы - 2024» байқауының жеңімпазы атанды.