19-20 ақпан күндері Иран елінінің Тегеран қаласында пара таеквондодан «VI Президент кубогі» халықаралық турнирі өтті.
Сайысқа әлемнің 20-дан астам мемлекетінің өкілдері жиналды.
Рейтингтік турнирде Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы саны 5 медаль жеңіп алса, оның екеуі атыраулық спортшылардың еншісінде.
80 келі салмақта Нұрлан Домбаев қола жүлдеге ие болды. Ол әзірбайжандық спортшыны ұтып, Корея елінің өкілінен ұтылды.
Аса ауыр салмақ дәрежесінде Гариполлаев Әлішер ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болды. Алишер екі әзірбайжандық қарсыласын ұтып, финалда Ирандық спортшыдан ұтылды.