15 Шілде, 2023 69

Атыраулық парадзюдошы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды


Тлекқабыл Альфия халықаралық турнирдің жүлдегері атанды, деп хабарлайды AtyrauPress облыстық денешынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап. 

2-4 шілде күндері Финляндия елінің Лахти қаласында парадзюдодан "Small Country Challenge 2023" турнир өтті.

57 келі салмақта атыраулық спортшы Альфия Тілекқабыл күміс жүлдеге ие болды. Ол Венгрия мен Финляндия елдерінің өкілдері ұтып, жарыс қожайынына есе жіберді.

Тегтер: # спорт # парадзюдо