Ауа райының қолайсыздығына байланысты апта басынан бері қашықтан оқыған атыраулық оқушылар ертең, яғни 15 желтоқсан күні мектепке барады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы Атырау облысының білім беру басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.
«15 желтоқсаннан бастап Атырау облысында сабақ дәстүрлі форматта өтеді», - деп жазылған хабарламада.
Ал «Қазгидрометтің» ақпаратына сенсек, 15 желтоқсан күні мұнайлы өңірде сынап бағанасы - 4 градусты көрсетпек.
Эльмира Мықтыбаева
Фото: AtyrauPress