Атыраулық оқушылар "Оян, қазақ" фильмін сахналады

Республика күні қарсаңында облыстық дарынды балаларға арналған Ұлттық гимназиясында жуырда қалың көрерменге жол тартқан көрнекті ағартушы, ақын, жазушы, педагог, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының өмірі мен өнегелі істеріне арналған “Оян, қазақ” фильмін талдау кеші өтті, деп хабарлайды AtyrauPress. 

Оқушылар қаламгер өмірінен қойылым көрсетіп, жүректен шыққан жыр - шумақтарын арнады. Мағжан Жұмабаев ролін сомдаған ​ 11 сынып оқушысы Төрежан Тоқашев «Көзіме еріксіз жас келді. Бұл фильмнен кейін еліме деген сүйіспеншілігім одан сайын ​ арта түскендей. Мектебімізде ұйымдастырылған шарадан ерекше әсер алдым», дейді.

Айта кету керек, «Оян, қазақ» фильмінде Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылады. Міржақыптың «Оян, қазақ!» кітабының жарыққа шығуы, «Бақытсыз Жамал» романының жазылуы, революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы жылдары және жан жары Ғайнижамалмен махаббат хикаясы сериалда кезек баяндалады.​