Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Темірлан Губашев әлемнің төрт үздік университетінен шақырту алған, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Болашағынан зор үміт күттіретін ол, шетелден білім алып Қазақстандағы инженерия саласын дамытуға үлес қосамын дейді
"Ізденіс пен еңбектің нәтижесінде төрт университетке қабылдандым. Олар, АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея және өзіміздің Назарбаев университеті.Ал, мен таңдаған мамандық электротехника және инженерия. Осы мамандық бойынша өзіме таңдау түскен университеттерді зерделедім. Нәтижесінде, АҚШ-тағы Стоуни Брук университетінің Оңтүстік Кореядағы филиалын таңдап Президент грант иелендім. Бұл жерде тек электротехниканы ғана емес, компьютер ішіндегі платалармен жұмыс жасауды үйретеді. Ал, мұндай практика біздің елде толық жетілмеген. Сол себепті шетелден білім алып, осы саланы өз елімде дамытқым келеді", - деді Т.Губашев
Оның айтуынша, әр университетке ортақ шарт – ағылшын тілін білу. Бұл ретте Темірлан IELTS-тан 7,5 балл жинаған. Сондай-ақ, ол Оңтүстік Корея еліндегі SAT емтиханнан 1600 баллдың 1460-ын жинаған