Қарағанды қаласында 26-29 қазан күндері Номад ММА дан жастар, ересектер және әйелдер арасында өткен Әлем кубогінде жерлестеріміз топ жарды, деп хабарлайды AtyrauPress облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Әйелдер арасында Асылжан Қуандыққызы 55 келі салмақта бірінші орын, ересектер арасында Төлеген Айбат +91 келі салмақта бірінші орын, Сәт Мукаев 60 келі салмақта екінші орын, Сағынғалиұлы Аманжан-Қажы 81 келі салмақта екінші орын, Әділхан Тасқалиев 71 келі салмақта үшінші орын иеленсе, Жастар арасында Айдос Бикбульсинов 56 келі салмақта үшінші орын, Ермұхан Нұрахмет 65 келі салмақта үшінші орынға қол жеткізді», - делінген баспасөз хабарламасында.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА