Атыраулық Нұржан Сарсенғалиев дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жолдама алды

18-22 ақпан күндері Астана қаласында белбеу күресінен ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

Сайыста үздік шыққандар әлем чемпионаты мен Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жолдама жеңіп алды.Атырау облысының құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 5 қола жүлдеге ие болды. 

Белбеу күресі бойынша 68 келі салмақта Сарсенғалиев Нұржан жарыс жеңімпазы атанды. 62 келіде Наренов Жәнібек, 75 келіде Каиргалиев Саян, 90 келіде Лұқпанов Ринат пен Мүтіш Думан қола жүлделер еншіледі.

Алыш күресі бойынша 68 келі салмақта Сарсенғалиев Нұржан алтын, 70 келіде Жолдасқалиев Жұмабек күміс және 60 келіде Наренов Жәнібек қола медаль иеленді.