Атыраулық муай-тайшылар командалық екінші орынға ие болды

5-11 наурыз күндері Алматы қаласында Муай-тайдан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Сайысқа еліміздің 11 өңірінен 100-ден астам спортшы қатысты. Атырау облысы спортшылары 4 алтын және 4 қола жүлдемен командалық есепте екәншә орынға ие болды.

Ерлер арасында 45 келіде Өтеғали Нұрдаулет, 51 келіде Курбанов Шамиль және 63,5 келіде Галиев Әбіл алтын жүлделерге ие болды. 48 келіде Батырғали Еламан, 54 келіде Баймұрза Мейіржан және 91 келіде Габбасов Азатжан қола жүлдегер атанды.

Әйелдер арасында 67 келіде Хайруллина Аида жарыс жеңімпазы атанса, 51 келіде Гайниева Аниса қола медаль жеңіп алды.

Жарыс қортындысы бойынша Атырау облысының аға жаттықтырушысы Әміржанов Нұрберен «үздік бапкер» номинациясымен марапатталды.

Айта кету керек, ел чемпионатының жеңімпаздары Грецияның Патрас қаласында өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионатына жолдама алды.