Атыраулық мектеп фортепианоларды 2,5 есе қымбатқа алғысы келген

Атырауда балалар өнер мектебі фортепианоларды екі есе қымбат бағаға сатып алмақ болған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаментінің мәліметінше, Махамбет ауданында З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебі бір фортепианоны 1 510 400 теңгеге сатып алуды жоспарлап, он данасына 15 млн 104 мың теңге қарастырылған. Бірақ, еріктілер жүргізген тексерістен кейін музыкалық аспаптың орташа бағасы 651 мың 544 теңге екені анықталды. Бұдан кейін оның бағасы 870 мың теңгеге түсіріліп, 6 млн 404 мың теңге үнемделді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ